Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ сүннет амалдары: 1. Сақал қою сүннет 2. Сəлде тағу сүннет 3. Сүрме жағу сүннет 4. Мисуəк қолдану сүннет 5. Шашты ағаш тарақпен тарау сүннет 6. Азан айтылған уақытта есiк-терезелердi ашып қою сүннет 7. Сусындарды сыртынан көрiнетiн ыдыспен iшу сүннет 8. Ақшам намазы уақыты болғанда перделердi жауып қою сүннет 9. Әрбiр нəрсенi "БисмиллəҺпен бастау сүннет 10. Тамақ iшiп отырғанда оң аяқты көтерiп iшiңе тигiзiп отыру сүннет 11. Оң жақ қырыңмен ұйықтау сүннет 12. Жатар алдында төсегiңдi үш рет қағу сүннет 13. Есiктi кiрмес бұрын үш рет қағу сүннет 14. Сыртқа шыққанда өзiңмен бiрге айна, тарақ алып жүру сүннет 15. Аяқ киiмдi кимес бұрын сiлкiп бисмиллəһ деп оң аяқтан бастап кию сүннет 16. Әрбiр нəрсенi киiм кигенде де, дəрет алғанда да оң жақтан бастау сүннет. 17. Жайнамаздың басы мен аяғын бiрдей қылып жинау сүннет. 18. Туысқандарыңды зиярат ету сүннет. 19. Науқас адамның көңiлiн сұрау сүннет. 20. Жымиып күлу сүннет. 21. Үйден шығар алдында айнаға қарау сүннет. 22. Хадияға (сыйлыққа) хадия ету сүннет. 23. Ауызды құрмамен немесе сумен ашу сүннет 24. Ауызашарға асығу сүннет 25. Үш күн сайын жуыну сүннет 26. Хош иiстi болып жүру сүннет 27. Үйлену отау құру сүннет 28. Тмин майын қолдану сүннет 29. Айт намазында хұтпа айту сүннет 30. Ораза айт күні бір не үш түйір құрма немесе тәтті нәрсе жеу, намазға шығардан бұрын садақа беру, құрбан айт күні тамақ жеуді айт намазынан кейінге қалдыру, айт намазынан кейін құрбандық шалып, сонымен ауыз ашу сүннет 31. Апта сайын тырнақ қысқарту сүннет 32. Тасбих тарту сүннет 33. Бiреудiң есiгiн қаққанда кiм деген сұраққа атыңды атап жауап беру сүннет 34. Үйге сəлем берiп кiру сүннет 35. Бөтен адам шақырған уақытта сол адамға бүкiл денеңмен бұрылып қарау сүннет 36. Дəреттен соң қасты түзеу сүннет 37. Дəреттен кейiн шəһəдəт айту сүннет 38. Дəрет алып болғасын айнаға қарап, қолыңды жайып: Аллаһым менi осындай көркем қылып жаратқаныңдай мiнез-құлқымды да, көркем қыла гөр деп дұға ету сүннет. 39. Тəһəжжуд нəпiл намаздарын оқу сүннет 40. Жатар алдында 33 рет "Субханаллаһ" 33 рет "Әлхамдулиллəһ" 33 рет "Аллаһу Әкбар" деп тасбих тарту сүннет 41. Жұма күнi ғұсыл алу сүннет 42. Жұма күнi шаш алу, тырнақ алу, мұрт қысқарту секiлдi амалдарды жасау сүннет 43. Ауызашарда мына дұғаны оқу сүннет: Аллаһуммə лəкə сумту уə бикə əəмəнту уə а' лəйкə тəуəккəлту уə а' ала ризқикə əфтарту уə сəумəл-ғади мин шаһри Рамадана нəуəйту, фəғфирли мəə қаддамту уə мəə аххарту. 44. Рамазан айында мен оразамын деу сүннет 45. Дəрет алуға iштей ниет қылу сүннет 46. Дəреттi "Әғузу жəне "Бисмиллəһпен бастау сүннет 47. Қолды шынтаққа дейiн үш мəрте жуу сүннет 48. Ауызға жəне кеңсiрiкке су жiберiп тазалау сүннет 49. Сақалды салалап жуу сүннет. Сақалы тығыз өскендер қолына су алып сақалдарының арасына жүгiртiп жоғары қарай тартып салалау керек. 50. Саусақтардың жəне аяқтың арасын салалау сүннет 51. Басқа толықтай бiр мəрте мəсiх тарту сүннет 52. Құлаққа мəсiх тарту сүннет 53. Мойынға масих тарту сүннет 54. Дəреттi оң жақтан бастау дене мүшелерiн үш мəрте жуу, жəне ысқылау сүннет 55. Дəреттiң тəртiбiн сақтау сүннет 56. Дəреттi созып жүрiп алмай бiтiру жəне дəрет мүшелерiнiң бiрi кеппестен келесiсiн жууға көшу сүннет 57. Бастың төбе тұсына мəсiх тарту сүннет 58. Айт намазын оқу үшiн шомылу сүннет 59. Қажылыққа жəне умраға барғанда ихрамға бармай тұрып шомылу сүннет 60. Тарауих намазындағы тасбихты айту сүннет 61. Таң намаздан кейiн күн шыққанша күту сүннет 62. Дүйсенбi жəне Бейсенбi күндерi ораза тұту сүннет 63. Сəресiн кешiктiру сүннет 64. Айдың 13, 14, 15 күндерi ораза тұту сүннет 65. Таң намазын айналаға жарық түскенде оқу сүннет. (күн шыққасын дегенмен шатастырмау керек) 66. Салқындау сумен дəрет алу сүннет 67. Некелi əйелi мен ерi жақындаспас бұрын 2 ракат намаз оқып дұға ету сүннет 68. Ғұсылдан бұрын дəрет алу сүннет 69. Ақшам намазын уақыты кiре сала оқу сүннет 70. Әууəбин намазын оқу сүннет 71. Рамазан айының соңғы он күнi ифтихафқа кiру сүннет 72. Азан айту сүннет 73. Дəрет алғанда аяқты тiзеге дейiн жуу сүннет 74. Дəрет алып болғасын ыдысына су толтырып қою сүннет 75. Ниет қандай намазды оқитынын бiлiп, көңiлiңе яғни iшiнен еске түсiру. Ниеттiң тiлмен айтылуы сүннет 76. Тамақты бастамас бұрын тұзбен бастау сүннет 77. Ақ түстi киiм кию сүннет 78. Ғұсыл алуға бисмиллəһтi айтып ниет ету сүннет 79. Ғұсыл кезiнде əуелi қолды сосын əурет жерiн жуу сүннет 80. Ғұсылда дəрет алғандай дəрет алу, жəне бүкiл дененi жуу сүннет 81. Суды ысырап жасамау əурет жерiн жауып шомылу жəне шомылу барысында жөн-жосықсыз сөйлемеу сүннет 82. Ғұсыл алып шыққан адамның маңдайынан сүю сүннет 83. Екi адам қатар жатқан кезде бiреуiнiң жанындағы адамнан оң жақ қырына жатуына рұқсат сұрау сүннет 84. Неке тойында бiр күн қонақ күту сүннет 85. Ораза айт күнi намазға дейiн ас iшу сүннет 86. Намазға барғанда бiр көшемен барып қайтарда басқа көшемен қайту сүннет 87. Қажылыққа барғанда Қағбаны сүю сүннет 88. Таза ұқыпты киiну сүннет☝️